ҚОҒАМ
Фото: depositphotos
Бүгін – жаңа өмірге қадам басып, жаңа мақсаттарға ұмтылатын Жаңару күні деп, хабарлайды Bugin.kz порталы.
Биыл Наурыз мейрамын тойлау 10 күнге жалғасып, арнайы Наурызнама кестесі құрылды. Наурызнаманың бүгінгі, алтыншы күні – "Жаңару күні" деген атауға ие болды. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде тал егу ұсынылды. Мектептер мен балабақшаларда арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды.
"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген тамаша сөз бар, осы дәстүрді жалғастырып тал егіп, ұрпаққа үлгі көрсетіліп жатыр.
Наурыз – жылдың басы. Алты ай қыстан аман шыққан халық күннің көзін көріп риза. Жаңару күні жақсылыққа ұмтылып, жылды ойдағыдай қарсы алайық. Биылғы жыл молшылық пен байлыққа толы болсын!